Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Дегенмен олардың күнәсін кешіре гөр. Егер олай істемесең, онда (өз адамдарыңның есімдерін) жазып қойған кітабыңнан менің де есімімді сызып таста, — деп өтінді. Өмір кітабынан өшірші есімдерін,Әділдер тізіміне олар тіркелмесін. Сонда Сионда тірі қалып, Иерусалимде өмір сүру үшін тізімге тіркелген әрбір адам Құдайға бағышталған қасиетті деп аталады. Сол кезде сенің халқыңды қорғаушы бас періште Михайл шығады. Бұл, халықтар алғаш пайда болғалы ешқашан болып көрмеген қиын-қыстау кезең болады. Сонда сенің халқың, яғни есімдері арнайы кітапқа енгізілгендердің барлығы, құтқарылады. Көптеген адамдар қиямет соты күні Маған: «Уа, Тақсыр Ие, Сенің атыңмен біз жұртқа Құдайдың хабарын жеткізбедік пе? Сенің атыңмен жындарды қуып шығарып, көптеген кереметтер жасамап па едік?» — деп жалынатын болады.
Выбор основного перевода