Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Ғалилея, Онқала және Яһудея аймақтарынан, Иерусалим қаласынан әрі Иорданның шығыс бетінен көптеген халық келіп, Оның соңынан ілесті. Иса таудан түскеннен кейін Оның соңынан көптеген халық ерді. Оның артынан көп халық еріп жүрді. Иса солардың бәрін ауруларынан сауықтырды. Оның соңынан халық көптеп еріп, Иса оларды сол жерде ауруларынан сауықтырды. Иса шәкірттерімен Иерихон қаласынан шыққанда, Оның соңынан халықтың үлкен тобы ілесті. Иса онымен бірге жүрді. Көптеп ілескен халық Оны жан-жақтан қыспақтады. Ал халық мұны біліп алып, Оның соңынан ілесті. Иса оларды жылы қабылдап, Құдайдың Патшалығы туралы уағыз айтты және айығуға мұқтаждарды ауруларынан сауықтырды. Осылай Иса кереметтерінің алғашқысын Ғалилеядағы Қана қаласында жасап, Өзінің ұлылығын көрсетті. Содан шәкірттері Оған сенді. Құтқарылу мейрамы кезінде Иса Иерусалимде болғанда, Оның жасаған кереметтерін көрген көптеген адамдар Оған сенді. Адамдар Иса жасаған осы кереметті көргенде:— Дүниеге келуге тиіс Пайғамбар — шынымен Осы! — десті.
Выбор основного перевода