Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Сен жанымды о дүниеге қимайсың,Қасиетті адамыңның тәнін шірітпейсің. Бірақ Иса былай жауап қайырды:— Киелі жазбаларды және Құдайдың құдіретін ұқпағандықтан жаңылып жүрсіңдер! Мәсіх Өзінің салтанатты ұлылығына енуінен бұрын осындай азаптарды көруге тиіс емес пе еді?! — деп, оларға Мұса мен бүкіл басқа пайғамбарлардан бастап, Киелі жазбалардың бәрінде Өзі туралы айтылғандарды түсіндірді. Былай деп жазылған ғой: Мәсіх азап шегіп өліп, үшінші күні қайта тірілуге тиіс. Бірақ Құдай Исаны өлім тұзағынан босатып, тірілтіп алды. Өйткені Оның өлім құрсауында қалуы мүмкін емес болатын. Дәуіт пайғамбар Ол туралы былай деген:«Ықылас-ниетім әрдайым Иемде,Оң жағымда Ол Маған жар боп келеді:Жағдайым шайқалмайды ешбір кезде. Содан жүрегім шаттыққа толады,Мәз-мейрам боп тілімнен бал тамады,Саған сенгенімнен тәнім тыншиды. Сен жанымды о дүниеге қимайсың,Қасиетті Адамыңның тәнін шірітпейсің. Шын өмір жолын Маған көрсетесің,Көз алдыңда қуанышқа бөлейсің». Ағайындар, мен сендерге бабамыз Дәуіт туралы еш қаймықпай ашық айта аламын: ол дүние салып, мәйіті қабірге қойылды. Оның қабірі біздің елімізде күні бүгінге дейін сақталып келеді. Ал Дәуіт пайғамбар болды және оның тағына бір Ұрпағын отырғызуға Құдайдың өзіне ант еткенін білді. Сондықтан Дәуіт келешекке көз жіберіп, (өз Ұрпағы) Мәсіхтің қайта тірілуі туралы алдын ала айтқан болатын: Мәсіхтің жаны о дүниеге қиылмады, әрі Оның тәні шіріп кетпеді! Осы Исаны Құдай қайта тірілтіп алды, біз бәріміз соған куәміз! Осы жазбалардың тағы алдын ала айтып кеткеніндей, Мәсіх қабірге қойылып, үшінші күні қайта тірілді.
Выбор основного перевода