Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Бірақ яһуди басшыларынан қорыққандықтан, ешкім Ол туралы ашық айтпады. Әке-шешесі яһуди басшыларынан қорыққандықтан осылай деді, өйткені солар: «Кім Исаны Құтқарушы Мәсіх деп таныса, сол мәжілісхана қауымынан шығарылсын!» — деп келісіп қойған болатын. Бұдан кейін ариматеялық Жүсіп деген кісі Пилатқа барды. Жүсіп Исадан тәлім алған шәкірті болғанмен, мұнысын яһуди басшыларынан қорыққанынан жасырып келген еді. Осы кісі Пилаттан Исаның мәйітін айқыш ағаштан түсіріп алуға рұқсат сұрады. Пилат бұған келісті. Жүсіп барып, сүйекті айқыштан түсіріп алды. Жексенбі күні әлі қараңғы болған кезде мағдалалық Мәриям (жартастан үңгіп жасалған) қабірге келді. Сонда ол қабірдің аузын бекіткен дәу қақпақ тастың орнынан алынып тасталғанын көрді. Иса оларға тағы да: «Сендерге амандық пен тыныштық болсын! — деді. — Әкемнің Өзімді осы дүниеге жібергені сияқты, Мен де сендерді адамдарға жіберемін». — Бір аптадан кейін Исаның шәкірттері тағы сол үйге жиналды, олармен бірге Тома да болды. Есік бекітілген еді, бірақ Иса кіріп келіп, орталарына тұра қалды да:— Сендерге амандық пен тыныштық болсын! — деді. Жексенбі күні біз жергілікті сенушілермен бірге нан үзу рәсімін орындауға жиналдық. Пауыл олармен сөйлесіп, уағыз айта бастады. Келесі күні жол жүретіндіктен, оның уағызы түн жарымына дейін созылды.
Выбор основного перевода