Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Кім Маған қызмет еткісі келсе, сол Маған ерсін. Мен қайда болсам, қызметшім де сонда болады. Ал Маған қызмет етіп жүрген әркімді Әкем құрметтейді. Әке, Маған тапсырған адамдарыңның Өзім болатын жерде болуларын және Өзің Маған сыйлаған салтанатты ұлылығымды көрулерін қалаймын. Бұл ұлылығымды Сен Маған Мені сүйгендіктен әлем жаратылмастан бұрын-ақ сыйлаған едің. Иса осылай деді де, олардың көзінше жоғары көтеріліп кетіп, бір бұлт Оны көзден таса қылды. Олар аспанға қадала қарап тұрған кезде, кенеттен ақ киімді екі жігіт қастарында пайда болды да, оларға тіл қатып: «Уа, ғалилеялықтар! Неменеге бұл жерде аспанға қарап тұрсыңдар? Жаңа қастарыңнан көкке көтеріліп, Құдай қабылдаған Иса көз алдарыңнан көкке қалай кетсе, тура солай қайтып келеді», — деді. Тірі жүрген біз мұнан соң солармен бірге Иемізбен кездесу үшін бұлттың үстімен көкке көтерілеміз. Содан мәңгі бақи Иемізбен бірге боламыз.
Выбор основного перевода