Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Мен де сүйемін өзімді сүйгенді,Іздеп жүрген тауып алады мені. Өйткені екі-үш адам Менің атымнан жиналса, Мен де сол жерде араларында боламын. Сендерге бір жаңа өсиет айтамын: біріңді-бірің жақсы көріңдер! Мен өздеріңді сүйгендей, сендер де бір-біріңді сүйіңдер! Сондықтан бастапқыдан естіген шынайы ілімді ұстаныңдар! Егер осылай істесеңдер, онда Ұлмен және Әкемен тығыз байланыста өмір сүресіңдер. Құдайдың киелі үйі мен жалған тәңірлер арасында қандай келісімнің болуы мүмкін? Себебі біздер мәңгі тірі Құдайдың «киелі үйіміз». Құдайдың Өзі мынадай сөздер айтқан: «Мен орталарында тұрып, араларында жүретін боламын. Мен олардың Құдайы, ал олар Менің халқым болады».
Выбор основного перевода