Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Жаратқан Ие деп аталған жалғыз СеніңБүкіл жер бетіне билік жүргізетінХақ Тағала екеніңді барлығы білсін! Мен өздеріңнен құрбандық шалғандарыңнан гөрі берік мейірімділік көрсеткендеріңді қалаймын, құрбандықтардың етін өртеп ұсынғандарыңнан гөрі Мені, Құдайды, жақыннан танып сүйгендеріңді ұнатамын. Тіпті қазірдің өзінде Жаратқан Ие мынаны нық айтады: «Шын жүректен Маған қайтыңдар, ораза ұстап, жылап қайғырыңдар!» Қайғыларыңды білдіру үшін тек киімдеріңнің өңірін жыртып қана қоймаңдар, істегендеріңе шын жүректен өкініңдер! Құдайларың Жаратқан Иеге қайтып келіңдер! Өйткені Ол рақымды да қайырымды, тез қаһарланбайды, берік мейірімі мол, әрі жазалаймын деген райынан қайтуға дайын. — Уа, адам, Жаратқан Ие саған ненің игілікті екенін білдірген еді. Ол сенен нені талап етеді? Әділ істер істеп, мейірімділікті ұнатуыңды, әрі сиынатын Құдайыңмен тығыз байланыста болып кішіпейіл жүруіңді талап етеді емес пе?! Ал мен Жаратқан Иеге үмітпен қараймын. Өзімді құтқаратын Құдайдың көмек көрсетуін күтемін. Айтқан дұғаларым Құдайымның құлағына жетеді».
Выбор основного перевода