Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Олар тіпті өз ұл-қыздарын отқа өртеп құрбан етіп, балгерлікпен және сиқыршылықпен де айналысты. Осылай исраилдіктер Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеуге салынып, Оның қаһарын туғызды. Алайда оның бұзық баласы бар дейік. Осы жас жігіт кісі тонап, қан төгеді, сол сияқты басқа да зұлым істер істейді екен. Әкесі бұлардың ешқайсысын істеп көрмеген болса да, оның ұлы аталған күнәларына қоса биіктеу жерлердегі табыну орындарында құрбандық асынан ішіп-жейді, әрі өзгенің әйеліне барып неке адалдығын бұзады. Сондай-ақ ол кедейлер мен мұқтаждарға қысым көрсетіп, адамдарды тонайды, жарлыға берген қарызы үшін кепілдікке алғанын қайтармайды. Жалған тәңірлерге сиынып, өзге де жексұрын күнәлар жасайды, бейшараға берген қарызы үшін өсім мен үстеме алады дейік.Осындай адамның өмір сүре беруіне бола ма? Жоқ, болмайды! Жасаған жеркенішті күнәларының кесірінен ол ақырында сөзсіз өлтіріліп, кінәсі өз мойнында болады. Кейін солтүстіктің патшасы теңіз жағалауларындағы елдерге аттанып, көп адамды қолға түсіреді. Алайда бір қолбасшы патшаның көрсеткен зорлық-зомбылығын тоқтатып, солардың есесін қайтарады. Сендер Омридың зұлым ережелерін, Ахабтың әулетінің барлық арам дәстүрлерін ұстанып, олардың көрсеткен жаман үлгілеріне еліктедіңдер. Сол себепті Мен қаланы күйретуге тастап, оның тұрғындарын масқаралап, басқаларға күлкі қыламын. Сонда сендер халықтардың табасына қаласыңдар».
Выбор основного перевода