Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Құдай өтірік айтатын пенде емес,Ойын өзгерте беретін адам да емес.Ол айтса, сонысын іске асырмай ма,Әлде сөз беріп, онысын орындамай ма? Сол қаладағы заттардың бәрі қарғысқа ұшыраған, солардың ешқайсысын алушы болмаңдар! Сонда Жаратқан Ие Өзінің лаулаған қаһарынан қайтады. Ол сендерге рақымы мен мейірімін көрсетіп, ата-бабаларыңа антпен уәде еткеніндей, сендерді де молынан көбейтеді. Исраилдің ұлы Құдайы сөзіне адал, айтқанында тұрады. Ол ойын өзгерте беретін пенде сияқты емес, — деді. Саул: Уа, Сионның халқы, масаттаныңдар,Дауыстап қалықтата ән салыңдар:Исраил сиынған Киелі ҚұдайЕнді өздеріңнің араларыңдаБөленеді салтанатты ұлылыққа!» Құрт секілді дәрменсіз Жақып халқы,Исраилдің азғантай жұрты,Қорықпа, Мен сені қолдаймын!» —Деп нық айтады Жаратқан Ие.Ол, Исраилдің Киелі Құдайы, сені туысқан қамқоршыдай азат етеді Жауларыңды жел ұшырып, дауыл айдап алып кеткендей жоқ қыласың. Сонда Маған шаттана қуанып, Исраил сиынған Киелі Құдаймен мақтанатын боласың». Жаратқан Ие: «Менің ойым сендердің пікірлеріңнен өзге, Менің жолым сендердікінен басқа, — деп ескертеді. — Аспанның жерден қаншама жоғары болатынындай, Менің жолым да сендердікінен соншама жоғары, Менің ойым да пікірлеріңнен тым биік. Мүмкін, олар құлақ асып, әркім өзінің зұлым жолынан қайтар. Сонда Мен де райымнан қайтып, зұлымдықтары үшін жоспарлаған апатымды олардың бастарына түсірмеймін. Мен саған жар болып, сені құтқарамын, — деп уәде береді Жаратқан Ие. — Сені араларына шашыратып жіберген халықтарды құртып жоқ қыламын, бірақ өзіңді құртып жоқ қылмаймын. Алайда сені мүлдем жазасыз қалдырмай, әділдікпен жазалаймын. Өйткені өз халқын Жаратқан ИеӨзінен аластатпайды мәңгілікке. — Мен, Жаратқан Ие, еш өзгермеймін, (Келісіміме адал болып қаламын). Сондықтан да сендер, уа, Жақыптың ұрпақтары, құрып кеткен жоқсыңдар. Иса Иерусалим қаласына жақындап қалған кезде оған қарап көзіне жас алып былай деді:
Выбор основного перевода