Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Мұса халыққа қарап: «Мынау Жаратқан Иенің берген тапсырмасы: бір тегешті маннаға толтырып, келер ұрпақтарың үшін сақтап қойыңдар! Олар да Менің сендерді Мысырдан алып шыққанымда айдалада қоректенуге берген нанымды көрсін», — деді. Сендерді мысырлықтардың құлдығынан азат етіп, Мысырдан алып шыққан Құдайларың Жаратқан Иемін. Мойындарыңа салынған құлдықтың мойынтұрығын Мен сындырдым, бойларыңды тік ұстап жүре алуларыңа мүмкіндік бердім. Халыққа жейтін маннаны жаудырды,Сөйтіп оларға нанды аспаннан жіберді, Адамдар «періштелер нанын» жеді,Қарындары тойғанша Құдай мол берді. Құдай аспанда шығыстан жел тұрғызды,Құдіретімен оңтүстіктен жел соқтырды, Ол аспаннан тозаңдай мол ет жаудырды:Теңіз жағалауындағы құм сықылдыСансыз көп боп ұшып келген құстарды Халық қоныстанған жердің ортасынаҚондырды, шатырларының маңайына. Осылайша халық тойына ет жеді,Құдай оларға аңсағандарын берді, Жаратқан Ие тағы мынаны да айтады: — Семсердің жүзінен аман қалған халық иен далада рақымға ие болады. Мен қайтадан келіп, Исраилге тыныштық сыйлаймын». Ежелде Жаратқан Ие бізге аян беріп былай деген еді: «Саған деген сүйіспеншілігім мәңгілік, берік мейіріміммен сені Өзіме баурап келемін. Мені жіберген Әкем Өзіме жақындатып тартса ғана, адамдар Маған келе алады; ал Мен оларды ақырғы күні қайта тірілтіп аламын. Ал Мені жерден көтеріп қойғаннан кейін, адамдардың бәрін Өзім арқылы құтқарылуға шақырамын, — деді.
Выбор основного перевода