Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Жоғас патша Бет-Шәміште Яһуда елінің патшасы Амасияхты қолға түсіріп, оның астанасы Иерусалимге аттанды. Жоғас қала қамалы қабырғасының Ефрем және Бұрыш қақпаларының арасындағы үлкен бөлігін құлатып тастады. Сол бөліктің ұзындығы шамамен төрт жүз шынтақ болатын. және Опел төбесінде тұратын ғибадатхана қызметшілері қабырғаның шығыс жақтағы Су қақпасының қарсысы мен Шығыңқы мұнараның маңына дейінгі аралығын қалпына келтірді. Күздің басы — жетінші ай басталғанда бүкіл халық бір адамдай Су қақпасының алдындағы алаңға жиналып келді. Олар дін мұғалімі Езрадан Жаратқан Иенің Мұса арқылы Исраилге табыстаған Таурат заңының шиыршық кітабын әкелуін өтінді. Ефрем қақпасы, Көне қақпа, Балық қақпасы, Хананел және Жүздік мұнараларының жанынан өтіп, Қой қақпасына дейін жеттік. Ақыры, біз Қарауыл қақпасына келіп тоқтадық. Сонда халдей жауынгерлері қалаға кіріп, оған от қояды. Олар қаланы бүкіл үйлерімен бірге өртеп тып-типыл етеді. Халық сол үйлердің төбелерінде Бағалға бағыштап хош иісті заттар түтетіп, басқа да тәңірсымақтарға арнап сұйық тартулар құйып ұсынуларымен Менің қаһарымды тұтатқан болатын.
Выбор основного перевода