Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Бұдан кейін Ешуа, Бани, Шеребиях, Ямин, Ақуб, Шабтай, Ходия, Мағасиях, Келита, Азариях, Жозабад, Ханан және Пелаях есімді леуіліктер сол жерде тұрған халыққа Таурат заңын түсіндіріп берді. Олар Құдайдың Таурат кітабынан дауыстап анық оқып, соған түсіндірмелерін қосты. Осылайша халық оқылғандарды жақсы ұғып алды. Нехемия: «Осымен барыңдар, дәмді тамақ жеп, тәтті сусын ішіңдер! Мерекелік ас дайындамағандарға үлестерін беріп жіберіңдер! Өйткені бүгінгі күн — Иемізге бағышталған қасиетті күн. Сонымен қайғырмаңдар! Себебі Жаратқан Иеге деген қуаныштарың сендерге күш-қуат беріп, паналарың болады!» — деп қосты. Ал аймақтардағы шағын қалалар мен елді мекендерде тұратын яһудилер адар айының он төртінші күнін шаттана мейрамдайды. Сол мейрамды бір-біріне сыйлық жіберіп атап өтеді. Себебі осы күндері яһудилер жауларынан құтқарылды. Сол айда уайымдары қуанышқа, қайғылары тойға айналған еді. Мардохай: «Осы күндер шаттана тойлап, бір-біріне сыйлық жіберіп, кедейлерге тартулар беретін күндер болсын!» — деп белгіледі.
Выбор основного перевода