Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Жүріңдер, оны ана саудагерлерге сатып жіберейік. Қандас бауырымыз ғой, оған қол жұмсамай-ақ қояйық!» — деп ұсыныс жасады. Аға-інілері бұған келісті. Егер біреу қызын басыбайлы қызметші болуға сатып жіберсе, сол еркек қызметшілер сияқты бостандық ала алмайды. Егер исраилдік бауырластарыңның бірі кедейленіп, өзін саған басыбайлы қызметшің болуға сатса, оған құл іспетті ауыр жұмыс істетпе. Бірде пайғамбарлардың біреуінің әйелі Елішеге бас ұрып:— Мырза, менің күйеуім қайтыс болды, оның Жаратқан Иені терең қастерлеп өткенін өзіңіз білесіз. Ал енді, бізге қарыз берген адам екі ұлымды өзіне құл етіп әкетуге келіп отыр, — деді. Сондай-ақ аштармен наныңды бөлісіп, қаңғырған кедейлерді үйіңе кіргіз! Киімге мұқтаждарға тап болсаң, киіндіріп, өзге пенделерге де қол ұшын беруден бас тартпа!»
Выбор основного перевода