Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Қарғыс алып келетін осы су денеңе еніп, сені бедеу қылып, ал құрсағыңды бойыңа бала бітсе, түсіріп тастай беретін етсін!»Ал әйел бұған: «Аумин, солай болсын!» десін. «Жаратқан Иеге жиренішті іс істеп: тәңір мүсінін ойып не құйып жасап, яки шеберге жасатып, оны құпия орынға орнатқан адамды қарғыс атады!» Соған бүкіл халық: «Аумин!» деңдер. «Әке-шешесін менсінбей қорлағанды қарғыс атады!» Соған бүкіл халық: «Аумин!» деңдер. «Көршісінің шекарасын белгілеген межетасты ұрланып жылжытқанды қарғыс атады!» Соған бүкіл халық: «Аумин!» деңдер. «Зағип адамды жолынан адастырғанды қарғыс атады!» Соған бүкіл халық: «Аумин!» деңдер. «Жат жұрттықтың, жетім-жесірдің ақысын жегенді қарғыс атады!» Соған бүкіл халық: «Аумин!» деңдер. «Әкесінің әйелімен жақындасқанды қарғыс атады! Бұл әкесінің абыройын ашқанымен бірдей!» Соған бүкіл халық: «Аумин!» деңдер. «Қандай болмасын жануармен жақындасқанды қарғыс атады!» Соған бүкіл халық: «Аумин!» деңдер. Өзінің әпке-қарындасымен, әкесінің не шешесінің қызымен жақындасқанды қарғыс атады!» Соған бүкіл халық: «Аумин!» деңдер. «Қайын енесімен жақындасқанды қарғыс атады!» Соған бүкіл халық: «Аумин!» деңдер. «Біреуді жасырын өлтіргенді қарғыс атады!» Соған бүкіл халық: «Аумин!» деңдер. «Жалданып жазықсыз адамды өлтіргенді қарғыс атады!» Соған бүкіл халық: «Аумин!» деңдер. «Осы Таурат заңының ережелерін орындап сақтамағанды қарғыс атады!» Соған бүкіл халық: «Аумин!» деңдер. Исраилдің Құдай Иесі мадақталсын,Мәңгіліктен мәңгілікке Ол даңқталсын!Жиналып тұрған барша халық: «Аумин! Жаратқан Ие мадақталсын!» — деп жауап берді. Езра Жаратқан Иені, ұлы Құдайды, дәріптеп мадақтады. Бүкіл халық қолдарын жоғары қарай көтеріп: «Аумин! Аумин!» — деп жауап берді. Содан олар бастарын жерге дейін тигізе иіліп Жаратқан Иеге тағзым етті. Исраилдің Құдай Иесі мадақталсын,Мәңгіліктен мәңгілікке Ол даңқталсын,Барша халық мақұлдап «Аумин!» десін!Лайым Жаратқан Ие дәріптелсін! Ал яһудилер оған қарсы шығып, тіл тигізгеннен кейін, Пауыл үстіндегі киімдерінің шаң-тозаңын қағып тастап, оларға былай деді: «Қандарың өз мойындарыңда! Менің ар-ұжданым таза! Қазірден бастап басқа ұлттарға барамын».
Выбор основного перевода