Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Неемия
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Сен «Мына киелі үйді өз атыммен атаймын» деп сөз бергендіктен, оған күні-түні қамқор бола гөр. Уа, Ием, алдыңдағы қызметшіңнің бұл жерге қарай Өзіңе бағыштаған мінажатына құлақ аса гөр. Біздің аталарымыз опасыздық жасап, Құдайымыз Жаратқан Иеден бас тартып, Оған жек көрінішті істер істеді. Олар Жаратқан Иенің жер бетіндегі тұрағынан беттерін бұрып, безіп кетті. Езра осылай мінажат етіп жылап, Құдайдың киелі үйінің алдында сиынып, күнәларды мойындап етпетінен жатты. Сол кезде оның айналасына исраилдіктердің ер адамдар, әйелдер және балалардан тұратын өте үлкен жамағаты жиналды. Олар да зар еңіреп жылаумен болды. Біз ата-бабамыздай күнә жасадық,Заңсыздық істеп, зұлымдыққа баттық. Ал енді, уа, Құдайымыз, мендей қызметшіңнің мінажаттары мен өтініштеріне құлақ сала гөр! О, Тәңір Ие, қаңырап бос тұрған киелі үйіңе өз даңқың үшін қайтадан оң көзіңмен қарай гөр! Уа, Құдайым, құлағыңды бұрып, назар аудара гөр! Өз атыңмен аталған қаланың қаңырап бос жатқанына көз сала гөр! Біз өз әділдігімізге емес, тек Сенің орасан рақымыңа ғана сүйеніп Өзіңе өтініш жасаймыз. Уа, Жасаған Ие, құлақ сала гөр! О, Тәңір Ие, кешіре гөр! Уа, Ием, үнімізді естіп, өтінішімізге жауап бере гөр! Өз даңқың үшін, уа, Құдайым, оны ұзаққа соза көрме! Өйткені Өзіңнің қалаң да, халқың да Сенің атыңмен аталған». Мен осылай деп мінажат етіп, Құдайым Жаратқан Иенің алдында өз күнәм мен халқым Исраилдің күнәсін мойындап, Құдайыма бағышталған қасиетті Сион тауы үшін жалбарынып тұрдым.
Неемия
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Выбор основного перевода