Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Неемия
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Әміршіге еріп келген бүкіл бабылдық әскер Иерусалимді қоршаған қабырғаларды қиратып тастады. Жауынгерлер Құдайдың киелі үйіне от қойып өртеп, Иерусалим қамалының қабырғаларын қиратып тастады. Олар қаладағы күллі сарайларды да өртеп, ондағы құнды нәрселердің барлығын құртты. Патшаға жауап беріп:— Патша ағзам көп жасасын! Ата-бабаларымның қабірлері орналасқан қала қирап бос жатыр, әрі қақпалары өртеліпті! Солай болғанда бет-жүзімнің қалайша көңілсіз болмауы мүмкін? — дедім. Сонымен түнде Аңғар қақпасынан шығып, Шибөрі қайнарының маңынан өтіп, Күл қақпасына жеттім. Сөйтіп Иерусалимнің қираған қамал қабырғалары мен өртеніп кеткен қақпаларын тексеріп қарап шықтым. Бабыл патшасы Набуходоносор өз еліне жер аударып әкеткен тұтқындардан Яһуда аймағына қайтып келгендер мыналар. Олар Иерусалим мен Яһудаға, кезінде өз ата-бабалары мекендеген сондағы қалаларына қайта оралды.
Неемия
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Выбор основного перевода