Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Қала қақпаларының маңында еңіреңдер! Қаланың ішінде зар жылаңдар! Уа, філістірлер, қорқыныштарыңнан су жүрек боласыңдар. Солтүстік жақтан шаң-топырақтың құйын бұлты іспетті жау аттанып келе жатыр! Осы айбынды әскердің қатарларында бірде-бір қорқақ жоқ. Мен, Жаратқан Ие, Өзім тағайындаған Кир патшаны оң қолынан сүйемелдеп, оған халықтарды бағындырамын. Оның алдынан есіктерін ашып, қала қақпаларын жапқызбау үшін елдердің патшаларының сауыт-саймандарын шештіріп тастаймын. Кир патшаға былай деймін: «Мен алдыңда жүріп отырып, жолыңдағы тау-төбедей кедергілерді тып-типыл етіп тегістеймін. Мықты қола қақпаларды быт-шыт қылып, темір ысырмаларын да сындырамын». Уа, Ассур патшасы, сенің бақташыларың мүлгіп отыр: сол даңқты әміршілерің демалып жатыр! Ал халқың таулардың арасына шашырап кеткен, оларды жинап әкелетін ешкім жоқ.
Выбор основного перевода