Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Сол кезде Ассур патшасына «Құштық патша Тирхақ сізге қарсы соғысуға аттанып келе жатыр» деген хабар жетті. Мұны естіген Ассур патшасы Езекияға қайтадан елшілерін жіберіп, оларға мына тапсырманы берді: Сен елшілерің арқылы Мені, Жасаған Иені, балағаттап, тағы былай деп паңдана мақтандың: Мен көптеген соғыс күймелеріммен таулардың зәулім бастарына, тіпті Ливанның ең алшақ баурайларына көтерілдім. Оның ең биік деген самырсын, ең таңдаулы қарағай ағаштарын шауып құлаттым, ең қиыр түкпіріндегі елді мекеніне әрі ормандарының ең қалың түбіне дейін жеттім! Дүниедегі соғыстарды тоқтатып,Садақ, найза атаулыны сындырып,Күймелерді қиратты отқа жағып. — Күшті жаудың қолынан олжасын тартып алып, жеңімпаздың тұтқындарын босату мүмкін бе?! — (деп күдіктенесің.) Бірақ Жаратқан Ие мынаны айтады:— Күшті жаудың тұтқындары тартылып алынып, жеңімпаздың олжасы қайтып алынады! Сенімен арпалысып келген жауыңмен Өзім алысып, адамдарыңды босатамын! Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: Жартасты төбенің басында тұрған саған қарсы шығамын, уа, Иерусалим: «Бізге қарсы соғысып, баспанамызға кіре алатын кім бар?» деп мақтанатын сендерге қарсы Өзім соғысамын. Басқа ұлттар ол туралы естіді,Торуылдап апандарына түсірді,Шынжырлап Мысырға айдап әкетті. Халықтар сонда қарсы шықты оған,Шабуылдады көрші аймақтардан,Олар торларын жайды оған арнап,Қолға түсті ол апандарына құлап. Оны шынжырлап тор ішіне кіргізді,Бабыл патшасының алдына әкелді.Сосын зынданға салып күзетті,Исраилдің тауларында содан беріАқырған дауысы еш естілмейді. «Мен саған қарсымын, — деп ескертеді Әлемнің Иесі. — Сенің етегіңді бетіңе дейін түргіземін! Халықтар мен патшалықтарға сенің жалаңаш тәніңді ашып, абыройыңды төгемін.
Выбор основного перевода