Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7
Параллельные места
Езекияның патшалық құрған он төртінші жылы Ассур патшасы Сеннахирим Яһуда елінің (Иерусалимнен өзге) барлық қамалды қалаларына қарсы аттанып, оларды басып алды. Біліп қойыңдар: сол себепті Мен, Тәңір Ие, Евфрат өзенінің буырқана тасыған мол суларын, яғни Ассур патшасын, күллі қарулы күштерімен осы жерге бағыттаймын. Евфрат өзені көктемде арна-салаларынан асып-тасып, сулары адамдардың мойнына дейін көтеріледі. Сол сияқты, Ассур патшасы мен оның әскері де жуырда бүкіл Яһуда жеріне жайылып шығып, бұлқан-талқан болып ағып, елді басып кетеді! О, Имануил, оның кең қанаттары бүкіл жеріңе жайылатын болады!» Себебі Сәби дүниеге келді,Біз үшін осы Ұл сыйға берілді!Билік Оның қолында қала береді:Ол «керемет ақылды Кеңесші,Құдіретті Құдай, Мәңгілік Әке,Тыныштықты сыйлайтын Әмірші»Деп те аталатын болады. «Біліп қой, солтүстіктен бір әскер аттанып келеді. Бір үлкен халық пен көп патшалар жер бетінің алыс шеттерінен жылжып келетін болады. Мәсіх — татулығымыздың Бастауы: Ол екі топқа бөліп тұрған қабырғадай өштестікті жойып, алып тастап, екі жағын біріктірді.
Выбор основного перевода