Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7
Параллельные места
Табынуға арналған тас бағаналар да орнатпаңдар! Құдай Иеміз сондай нәрселерді жек көреді. Осы ел пайдасыз «қуыршақ тәңірлерге» толы, адамдар өз қолдарынан шыққан заттарға табынады! Олар енді қайтып өздері жасаған құрбандық үстелдеріне бет бұрмайды, әрі өз қолдарынан шыққан Ашера бағаналары мен хош иісті заттар түтететін үстелдерге сеніммен қарамайтын болады. Бұл мына жайтты білдіреді: исраилдіктер ұзақ уақыт бойы өз патшасы мен әміршісінен ада болып, құрбандықсыз, бөтен тәңірге бағышталған тас бағанасыз, діни қызметкер киетін жеңсіз сырт киімсіз және жалған тәңірлердің бейнелерінсіз тұратын болады. Әлемнің Иесі тағы мынаны жариялайды: «Сол күні Мен елдегі жалған тәңір аттарын өшіремін. Оларды енді қайтып ешкім есіне алмайтын болады. Мен, сондай-ақ, елден жалған пайғамбарларды да, арамдықтың рухын да аластатамын.
Выбор основного перевода