Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7
Параллельные места
Өздеріңе ешқандай тәңір бейнелерін жасамаңдар! Не бір тәңірдің ойып жасалған мүсінін, не киелі тас бағана орнатушы болмаңдар! Елде қашалған тас мүсін орнатып, оған тағзым етіп табынушы да болмаңдар! Мен сендердің Құдайларың — Жаратқан Иемін. Сүлеймен патшалық құрған уақыттың бәрінде Яһуда мен Исраилдің халқы алаңсыз тіршілік етіп, солтүстіктегі Даннан оңтүстіктегі Бер-Шебаға дейінгі бүкіл өлкеде әр адам өз бау-бақшасында тұрып жемістерін рақаттана жейтін. Алайда қасарысып, Маған қарсы тұра берсеңдер, сендерді жаудың семсері жалмап қояды». — Жаратқан Иенің Өзі осыны нық айтқан. Сонда Менің халқым тыныш мекендерде тұрып, үйлері қауіпсіз әрі жанға жайлы болады. Сонда Жаратқан Иенің ұлылығыБар адамзатқа көрінетін болады,(Оның өз халқын құтқарып алғанын)Барлығы да ап-анық көре алады.Себебі Жаратқан Иенің ӨзіОсы бұйрықтарды шығарған еді». Сол күні сендердің әрбіреуің (көріп жатқан игіліктерімен бөлісу үшін) көршісін өзінің жүзім бұтасы мен інжір ағашының түбінде отыруға шақыратын болады», — деп нық айтады Әлемнің Иесі.
Выбор основного перевода