Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7
Параллельные места
Кейінгі заманда Жаратқан ИеніңКиелі үйі тұрған Сион тауыБастысы болады бар тау-төбелердің,Бәрінен де оның атақ-даңқыӘлдеқайда жоғары болып қалады.Барлық халықтардың адамдарыСоған қарай ағылатын болады. «Енді жүріңдер, Жаратқан Иенің,Жақыптың халқы сиынған Құдайдың,Сион тауындағы киелі үйінеӨрлеп барайық барлығымыз, кәне!Сол жерде Жасаған Иеміз бізгеАқ жолын нұсқайды, сонымен жүрейік,Оның әділ еркін орындай берейік!»Деп, көп ұлттар жолға шығады бірігіп.Сөзін таратады тәлімін үйретіпЖаратқан Ие Иерусалимнен,Сиондағы өз киелі үйінен. Сонда Иеміз халықтар арасындаТөрелік етіп, көптеген ұлттарғаШығаратын болады әділ үкімін.Енді олар төс үстінде қаруларынҚайта соғып соқаға қылыштарынАйналдырады, ораққа найзаларын.Содан халықтар енді қайтып ешқашанБір-біріне қарсы қару көтермейді,Олар соғысуды тіптен үйренбейді. Сол заман келгенде Иерусалим «Жаратқан Иенің жер бетіндегі тағы» деп аталып, барлық ұлттар Жаратқан Иенің есімін дәріптеу үшін Иерусалимде жиналатын болады. Бұдан былай олар өздерінің зұлым жүректерінің қыңырлығымен жүрмейді. Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Мен Өзім самырсынның ұшар басынан оның бір өркенін алып, жерге отырғызамын. Сонда Мен ағаштың ең жоғарғы бұтақтарынан бір жас өркенді сындырып алып, оны заңғар да зәулім бір таудың басына отырғызамын. Ал енді, ғибадатханаға қатысты тағылым мынау: Сион тауының басындағы ғибадатханаға жапсарлас жатқан жердің бәрі Өзіме ерекше бағышталған, ең қасиетті болып саналады. Ғибадатхана жайлы заң, міне, осындай.
Выбор основного перевода