Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7
Параллельные места
Исраилді күзетіп жүруге тиісті басшылары соқыр да надан! Барлығы үре алмайтын мылқау, қиялдап жатып, ұйықтағанды жақсы көретін иттер сияқты. Биік бұлттардан да жоғары көтеріліп шығамын, өзімді Хақ Тағаламен бірдей қыламын!» Қайта, сен о дүниеге, тұңғиықтың түбіне лақтырыласың! Халдейлердің еліне көз салыңдар, оның халқы ғайып болды! Ассурлықтар сол жерді жабайы аңдар жайлайтын құла түзге айналдырды. Олар Бабылды қоршауға алғанда оған қарсы ағаштан мұнаралар салып, Бабылдың бекіністерін қиратты. Осылай қалаға басып кіріп, оның күл-талқанын шығарды. Себебі сол жалған пайғамбарлар тыныштық жоқ кезде халқымды «Тыныштық бола береді!» деп адастырды. Бұл, әлсіз қабырға тұрғызып, оны әкпен сылап әсемдеумен бірдей. былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Уа, адамдарды алдап-арбап, қармақтарыңа түсіретін әйелдер, сендер қасіретке қаласыңдар! Тұмар тігіп, олардың білезіктеріне байлайсыңдар, бастарына әр түрлі өлшемдегі бет перде жасап кигізесіңдер. Сендер осылай Менің халқымның адамдарын қармақтарыңа түсіріп алғанмен, өз өмірлеріңді сақтап қаламыз деп ойлайсыңдар ма? Бірнеше уыс арпа мен біраз нан үшін Менің есімімді халқымның арасында қорладыңдар! Сендер өтірікке құлақ асқыш аңқау халқымды өтіріктеріңмен алдадыңдар. Осылай өлмеуге тиістілерді өлтіріп, өмір сүрмеуге тиістілерді өлімнен аман алып қалдыңдар! Егер алдамшы пайғамбарсымақ келіп: «Сендерге шарап пен сыраның мол болатыны жайлы жақсы хабар айтамын!» десе, мына халыққа керегі — дәл сондай пайғамбар! Жалған пайғамбарлардан сақтанып жүріңдер! Олар сендерге қой терісін жамылып келеді, бірақ шынында олар — жыртқыш қасқырлар.
Выбор основного перевода