Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7
Параллельные места
Сонда қаһарым оларға жалындай лаулап, Мен олардан бас тартып, бет-жүзімді жасырамын. Олар қырғынға ұшырап, бастарына көптеген бақытсыздықтар мен ауыртпалықтар түседі. Сол күндері халық: «Осы бақытсыздықтардың басымызға түскені Құдайымыздың бізбен бірге жүріп, жар болмағандығынан емес пе?» деп сұрайтын болады. Көмекке шақырды олар, ешкім құтқармады,Жаратқанға жалынды, Ол құлақ салмады. Жүректе бар күнәмнан бас тартпасам,Дұғама құлақ салмас еді Жаратқан. Сонда естімеймін мұндайлар шақырғанмен,Мені таппайды шарқ ұрып іздегенмен, Сендер қолдарыңды жайып Маған сиынғанда назар аудармаймын. Қаншама көп мінажат етсеңдер де, Мен құлақ салмаймын. Себебі қолдарың жазықсыз адамдардың қанымен былғанған. Қайта, өздеріңнің әділетсіз істерің Құдаймен араларыңды ажыратып келеді! Жасаған күнәларың Оның бетін сендерден бұрып әкетеді. Сондықтан да Құдай Ие мінажаттарыңа құлақ салмайды. Сондықтан Жаратқан Ие ескертіп мынаны айтады: Мен оларға қашып құтыла алмайтын бір апат жіберемін. Олар Менен рақым етуімді жалбарына өтінсе де, оларға құлақ аспаймын. Алайда жер өз тұрғындарының теріс істерінің кесірінен қаңырап бос қалады». Мен оларды шақырған кезде олар құлақ салмаған еді. Сондықтан олар Мені шақырған кезде Мен де құлақ салмадым, — дейді Әлемнің Иесі.
Выбор основного перевода