Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7
Параллельные места
Сондай адам мінсіз жүріп әділдік істейді,Шын жүректен ақиқатты ғана сөйлейді, Себебі Құдай Ие күн мен қалқанға ұқсайды,Жаратқан Ием рақым мен ұлылық сыйлайды,Ол тура жолменен жүретін адамдардыСыйлайтын игіліктерінен құр қалдырмайды. Мыңдаған алтын-күміс ақшаларданАузыңнан шыққан тәлімің қымбат маған! Халқыма келгенімде неліктен Мені ешқайсың қарсы алмадыңдар? Мен қанша шақырсам да, ешқайсың жауап бермедіңдер? Өздеріңді азат ету қолымнан келмейді деп ойлайсыңдар ма? Жоқ, сендерді құтқаруға құдіретім әбден жетеді! Менің бұйрығыммен теңіз кеуіп қалады. Мен өзендерді де шөл далаға айналдыра аламын. Сонда ондағы балықтар сусыз өліп, шіріп кетеді. Біліп алыңдар: Жаратқан Иенің қолы сендерді құтқаруға дәрменсіз емес, Оның құлағы мінажаттарыңды естуге мүкіс те емес. Дегенмен, сендер «апат болатын күн алыс» деп ойлап, аяусыз сотталатын күнді өздерің жақындатасыңдар.
Выбор основного перевода