Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7
Параллельные места
онда Мен Исраилді Өзім табыстаған осы елден қуып шығамын, әрі өз есіміме бағыштаған бұл киелі үйді де қасымнан алып тастаймын. Осылайша барлық басқа халықтар Исраилді мысалға келтіріп, табалап мазақтайтын болады. Сонда жер беті түгелдей қаңырап, тоналады. Жаратқан Ие осы сөздерді нық айтты. — Қараңдар! Жау бұлттай жөңкіп, соғыс күймелері құйындай жүйткіп, алға қарай зымырап келе жатыр. Жылқылары шүйілген бүркіттен де жүйрік! Сорладық, біз қасіретке қаламыз! Мен елдің тұрғындарын жазалауға қолымды созғанда олардың үйлері, жерлері және әйелдері бөтен жұрттың қолына көшеді! — деп ескертеді Жаратқан Ие. Сондықтан Мен олардың әйелдерін бөтен адамдарға, егістіктерін өзге біреулердің қолына беремін. Кішігінен ұлығына дейінгі бәрі де пайдақұмар. Тіпті пайғамбарлары мен діни қызметкерлері де арамзалық жасайды. (Миха былай деді:) «Сол себепті мен Самарияны жоқтап жылаймын, жалаң аяқ та жалаңаш жүретін боламын. Шибөрідей ұлып, жапалақтай қайғылы дыбыс шығарамын. Алайда бір күні бәрі Бабылды мысалға айналдырып, сықақ әндерімен мазақтап былай дейтін болады:«Ұрлағандарын жинап, зорлықпенБасқалардан тартып алғандарыменШексіз байыған ол қасіретке қалады!Ұзаққа созылар ма сол қылықтары?!»
Выбор основного перевода