Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7
Параллельные места
Көк ден қойып тыңдасын, мен сөйлейін,Жер де аузымнан шыққан сөзді естісін, Ал Жаратқан отырады көктегі тағында,Өзінің киелі ғибадатханасында,Иеміз бақылайды барлығын да,Сын көзбен қарайды адам баласына. «Тыңда Мені, Исраил халқым, былай деймін:Саған қарсы куәлік келтіремін,Мен Құдаймын, иә, сенің Құдайыңмын! Көк пен жер, ден қойып тыңдаңдар, Жаратқан Ие сөйлеп тұр. Ол былай дейді: «Мен балалар асырап алып, өсірдім. Алайда олар Маған қарсы шығып, бас көтерді. Тыңда, уа, жер! Зұлым істерінің кесіріне бола Мен мына халықтың басына апат түсіремін. Себебі осы халық Менің сөздеріме құлақ аспай, Таурат заңымнан бас тартты. Уа, елім! Уа, жерім! Уа, ел-жұртым! Жаратқан Иенің сөзін мұқият тыңдаңдар! Сонда мен былай дедім: «Тыңдаңдар, Жақыптың үрім-бұтағының басшылары — Исраил елінің билеушілері! Ақты қарадан ажырата білу сендердің міндеттерің емес пе?! «Тыңдаңдар мынаны, уа, Жақыптың үрім-бұтағының басшылары — Исраил халқының билеушілері! Сендер әділдікті менсінбей, оны мүлдем бұрмалайсыңдар! Уа, Исраил халқы, Жаратқан Иенің не айтқанын тыңдаңдар: «Орындарыңнан тұрып, істеріңді алдыма жайып салыңдар! Тау-төбелер соны тыңдап куә болсын. Сондай-ақ, уа, таулар, Жаратқан Иенің Исраилге тағатын айыбына да құлақ түріңдер! Уа, жердің берік негіздері, Оған құлақ салыңдар! Өйткені Жаратқан Ие өз халқына кінә тағады. Ол Исраилді айыптамақшы». «Сондықтан Мен сендерді тергеп соттау үшін жақындап келемін. Мен сиқыршыларға, неке адалдығын бұзушы мен ант бұзушыларға, жұмыскерлердің ақысын жеп, жетім-жесірлерге зорлық-зомбылық жасап, жат жұрттықтарды құқықтарынан айырғандарға қарсы куәлік келтіріп, әшкерелеуге ынтызармын», — деп нық айтады Әлемнің Иесі.
1 2 3 4 5 6 7
Выбор основного перевода