Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өздерінің жасаған күнәлары туралы білгенде, қауым күнәнің құнын өтейтін құрбандық ретінде жас бұқаны ұсынып, кездесу шатырының алдына алып келсін. Өзінің жасаған күнәсі туралы білгенде, ол бір мінсіз текені құрбандыққа алып келсін. Өзінің жасаған күнәсі туралы білгенде адам күнәсінің құнын өтейтін құрбандық ретінде бір мінсіз ұрғашы ешкіні алып келсін. Сол себептен ол халық үшін де, өзі үшін де күнәнің құнын өтейтін құрбандықтар шалуға міндетті. Иса бұрынғы бас діни қызметкерлер сияқты күнде алдымен өз күнәларының құнын өтеу үшін, сонан соң халықтың күнәлары үшін құрбандық шалуға тиісті емес. Ол айқышта өлгенде Өзін біржола құрбан етіп күнәлардың құнын өтеді. Таурат заңы бойынша пенделік кемшіліктері бар адамдар бас діни қызметке тағайындалады. Ал сол заңнан кейін Құдайдың өз антымен бекітілген сөзі бас діни қызметке Өзінің рухани Ұлын тағайындады. Ол мәңгілік еш кемшіліксіз кемелді болады.
Выбор основного перевода