Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Адам Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылық білдірген осы құрбандығынан Оған мына бөліктерді өртеу арқылы ұсынсын: малдың бүкіл ішмайы мен шарбы майын, қос бүйректі, олардағы майды жамбас майымен бірге және бауырдың үстіндегі көк етті. Соңғысын бүйректермен бірге бөліп алып қойсын. Һаронның ұлдары осы бөліктерді құрбандық үстелінде жанып жатқан отынның үстінде түгелдей өртелетін тартумен бірге түтетіп өртеп жіберсін. Бұл — Жаратқан Иеге өртелу арқылы ұсынылған хош иісті де ұнамды тарту. Діни қызметкер абайламай күнә жасаған адам үшін оны күнәсінің арамдығынан тазартатын рәсімді Жаратқан Иенің алдында орындайды, осылайша сол адамның күнәсі кешіріледі. Бұл ғана емес, біз Иеміз Иса Мәсіх арқылы Құдайдың Өзіне қатты шаттанып та жүрміз, өйткені Мәсіхтің арқасында Онымен татуластық. Сондықтан Ол барлық жағынан бауырластарына ұқсас болуға тиіс еді. Осылай Мәсіх Құдайға қызмет ететін қайырымды да адал Бас діни қызметкер болып, өз жанын халқының күнәларының құнын өтеу үшін құрбандыққа қиды. Иса Мәсіхтің өз денесін біржола құрбан етіп, Құдайдың еркін орындауы арқылы біз Оның қасиетті адамдарына айналдық. Әрбір діни қызметкер күн сайын міндетін атқарып, әрдайым бірдей құрбандықтарды ұсынады. Бірақ шын мәнісінде солар ешқашан күнәларды толығымен алып тастай алмайды. Ал біздің Бас діни қызметкеріміз — Мәсіх сенушілердің күллі күнәларының құнын өтеп, тазарту үшін бір ғана құрбандық ұсынған соң, Құдайдың оң жағындағы құрметті орнына мәңгілікке жайғасты.
Выбор основного перевода