Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Алайда қанын шығармай тұрып, олардың етін жеуші болмаңдар, жаны қанында ғой. Тұрған мекендеріңнің бәрінде құстың да, хайуанның да қанын ішіп-жемеңдер! Егер не Исраилдің үрім-бұтағынан біреу, не араларында тұрып жатқан жат жұрттықтардан біреу қанның кез келген түрін ішіп-жейтін болса, Мен сондай адамға қарсы шығып, оны халықтың арасынан аластатамын. Себебі тірі мақұлықтың жаны оның қанында. Мен сендерге жандарыңды арамданған күйлерінен тазарту үшін құрбандық үстелінде ұсынылған қанды бұйырдым. Өйткені төгілген қан арқылы жанның құны өтеліп, оны арамданған күйінен тазартады. Сондықтан Мен Исраил халқына былай дедім: «Сендердің ешқайсыларыңның да, араларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтардың да қанды ішіп-жеулеріңе болмайды!» Не исраилдік, не араларыңда тұрып жатқан жат жұрттық біреу жеуге болатын аңды не құсты ауласа, соның қанын толық ағызып, топырақпен көміп тастаңдар! Әрбір мақұлықтың жаны оның қанында. Сол себепті Мен исраилдіктерге ешқандай тәннің қанын ішіп-жемеуді бұйырдым. Өйткені барлық мақұлықтардың жаны қанында. Сол себепті оны ішіп-жеген әркім аластатылуға тиіс. Алайда оның қанын ішіп-жемеңдер, оны су іспетті жерге төгіп тастаңдар! Алайда оның қанын ішіп-жеуден сақ болыңдар! Себебі қан дегеніміз — жан. Етті жанмен қосып жеулеріңе болмайды. Қайта, қанын су іспетті жерге төгіп тастаңдар! Алайда оның қанын ішіп-жеуден сақ болыңдар! Себебі қан дегеніміз — жан. Етті жанмен қосып жеулеріңе болмайды. Қайта, қанын су іспетті жерге төгіп тастаңдар! Біреу Саулға:— Білесіз бе, халық етті қанымен бірге жеп, Жаратқан Иенің алдында күнә жасап жатыр, — дегенде, ол:— Бұларың барып тұрған опасыздық! Маған осы жерге бір үлкен қойтасты домалатып алып келіңдер! — деп бұйырды. Қайта, біз оларға хат жазып: «Адам жанын арамдайтын жалған тәңірлерден, неке адалдығын бұзудан, арам өлген малдың етінен және қаннан аулақ жүріңдер!» — деп ескертейік.
Выбор основного перевода