Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Исраил халқына мынаны айт: Мүйізді ірі қараның, қойдың, ешкінің ешқандай (іш) майын ішіп-жеулеріңе болмайды. Сол сияқты, арам өлген не жыртқыш аңға таланып өлген хайуанның майын басқа қажеттеріңе жаратуларыңа болады, тек оны ішіп-жеулеріңе болмайды. Жаратқан Иеге өртелу арқылы ұсынылған құрбандықтың майын жеген кез келген адам халқының арасынан аластатылсын! Тіпті құрбандықтың Құдайға арналған майлы бөліктері ажыратылып, өртелмей жатып-ақ олардың қызметшісі келіп:— Діни қызметкерге қуыруға шикі ет кесіп бер, ол сенен піскен етті емес, тек шикі етті ғана алады, — дейтін.
Выбор основного перевода