Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Елуінші жылды Құдайға ерекше бағышталған деп қастерлеңдер! Сонда елдің барлық тұрғындарына бостандық жариялаңдар! Бұл жыл — сендерге арналған Мереке жылы. Әрқайсыларың өз руларыңа, ата-бабаларыңнан қалған мұралық жерлеріңе қайтып келіп, оны иемденіңдер. Ал егер ол жерін қайтарып алуға қаражат таба алмаса, сатып жіберген жері жаңа иесінің қарамағында келесі Мереке жылына дейін қала береді. Сол жыл жеткенде, сатылған жердің бұрынғы иесі оған қайтып келіп иемденеді. Ал бекініссіз ауылдық жердегі үйлерге егістік жер іспетті қарау керек. Соларды қайта сатып алу құқығы сақталады. Келесі Мереке жылында сол үй алғашқы иесіне қайтарылады. Исраилде Жаратқан Иеге антпен бағышталғанның барлығы да сенікі болады. Діни қызметкерлер халықтың ғибадатханаға алып келген сый-тартуларынан өздеріне тиісті бөліктерін алып, күндерін көретін болады: астық тартуларының, күнәнің құнын және айыпты өтейтін құрбандықтардың белгілі бөліктері оларға тиесілі. Сонымен қатар Исраилде Жаратқан Иеге бағышталған нәрселердің бәрі олардікі болмақ.
Выбор основного перевода