Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонымен өздеріңді Маған толығымен бағыштап киелі болыңдар! Себебі Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін. Менің ережелерімді сақтап орындайтын болыңдар. Мен сендерді Өзіме бағыштап киелі ететін Жаратқан Иемін. Діни қызметкерлер Менің бұйрықтарымды орындаулары керек. Ал егер соларға немқұрайды қарап бұзатын болса, онда олар кінәлі болып, өлім құшады. Оларды Өзіме бағыштап киелі еткен Мен Жаратқан Иемін. Діни қызметкерлер өзге исраилдіктердің Жаратқан Иеге бағыштаған киелі тартуларынан жеп, оларды арамдауларына жол бермесін! Әйтпесе әлгі адамдар кінәлі болып, солары үшін оның төлемін төлеуге тиіс болады. Сол тартуларды киелі ететін Мен Жаратқан Иемін.
Выбор основного перевода