Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осылайша Һарон киелі орынға кірген сайын Исраил руларының аттарын жүрек тұсында Жаратқан Иенің алдында естелік ретінде алып жүрмек. Содан соң Мұса Һарон мен оның қалған ұлдары Елазар мен Ітамарға: «(Аза тұтып жалаң бас жүріп) шаштарыңды жайып жібермеңдер және көйлектеріңнің өңірін айыра жыртпаңдар! Әйтпесе өздерің де өлесіңдер, әрі Жаратқан Ие бүкіл қауымға да қаһарын шашатын болады. Алайда бауырластарың — Исраилдің бүкіл халқына Жаратқан Ие өртеп құртқан сендердің ағайындарыңды жоқтап аза тұтуларына болады. Жаратқан Ие сендерді осы қызметке май жағу рәсімімен тағайындағандықтан, кездесу шатырының кіреберісінен шықпаңдар, әйтпесе өлесіңдер», — деді. Содан олар Мұсаның жеткізген бұйрығына сай істеді. Болашақта әкесінен кейін тағайындалып, орнын басқан (бас) діни қызметкер де халықты арамданған күйінен тазарту рәсімін (жыл сайын) дәл солай орындалуы керек. Сонда ол (бас) діни қызметкердің бәтестен тігілген арнайы киімдерін киіп алып, Жамағат абайсызда кісі өлтіргенді жазалаушының қолынан құтқарып алсын әрі оны бұрынырақ өзі бас сауғалап барған қаласына қайтарсын. Әлгі адамның тағайындалған бас діни қызметкер қайтыс болғанға дейін сол қалада тұра беруі қажет.
Выбор основного перевода