Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олардың тәңірлеріне табынбаңдар, әрі істегендеріне еліктемеңдер! Қайта, олардың тәңір мүсіндерін талқандап, тас бағаналарын қиратыңдар. Мен сендердің алдарыңнан елден қуып шығарғалы тұрған халықтың салт-дәстүрлерін ұстанбаңдар! Сондай зұлымдықтарды істегендіктен, Мен олардан жиреніп кеттім. Және Мен оларға былай дегенмін: «Әрқайсыларың көз қарашығындай сүйіп табынып келген жеркенішті мүсіндерді лақтырып тастаңдар! Бұдан былай өздеріңді Мысырдың жалған тәңірлерімен арамдамаңдар! Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін». Алайда олар Маған қарсы бас көтеріп, тыңдамай қойды. Олар көз қарашығындай сүйіп табынатын жексұрын мүсіндерін лақтырып тастаған жоқ, әрі Мысырдың жалған тәңірлерінен де бас тартпай қойды. Сондықтан Мен бастарына қаһарымды төгіп, оларды Мысыр елінде бар ашу-ызаммен жазаламақ болдым.
Выбор основного перевода