Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Менің атыммен өтірік ант беріп, Құдайларыңның есімін қорламаңдар! Мен Жаратқан Иемін. — Исраил халқына мынаны айт: Егер исраилдік не жат жұрттық біреу өз ұрпағын (жалған тәңір) Молохқа құрбан етсе, сондай адамды өлімге кесу керек. Сол жердің халқы оны таспен атқылап өлтірсін. Мен Өзім сондай адамға қарсы шығып, оны халықтан аластатамын. Себебі өз баласын Молохқа құрбан ету арқылы ол Менің киелі орнымды арамдап, киелі есімімді қорлады. Егер біреу баласын Молохқа құрбан еткенмен сол жердің халқы онысын көрмегенсіп, оған өлім жазасын тартқызбаса, онда Мен сол адамның өзіне де, оның бүкіл әулетіне де қарсы шығамын. Мен олардың өздерін де, оларға еріп Молохқа табынулары арқылы Маған опасыздық жасаған басқаларды да халықтың арасынан аластатамын. Олар Құдайға бағышталғандықтан, Оның есімін еш қорламасын! Жаратқан Иеге тамақ іспетті арналған тартуларды өртеу арқылы ұсынатындықтан, олар (іс-әрекеттерінде) қасиетті болулары керек. Менің киелі есімімді қорламаңдар! Исраилдіктер Менің киелі екенімді мойындап қастерлей берсін! Мен сендерді Өзіме бағыштап киелі ететін Жаратқан Иемін. Сол кезде Сүлеймен Иерусалимнің шығыс жағындағы бір төбеде моабтықтардың жексұрын тәңірі Хамосқа және аммондықтардың жиренішті тәңірі Молохқа арнап биіктеу жердегі табыну орындарын салды. Исраилдіктер Менен бас тартып, сидондықтардың табынатын әйел тәңірі Астартаға, моабтықтардың тәңірі Хамосқа және аммондықтардың тәңірі Молохқа бас ұра табынып кеткендіктен, Мен осыны істеймін. Олар Менің жолыммен жүріп, Маған ұнамды істер істеген, әрі Менің ережелерім мен шешімдерімді сақтаған Сүлейменнің әкесі Дәуіт сияқты болмады. Керісінше, ол Солтүстік Исраилдің патшаларының теріс жолымен жүрді. Ахаз тіпті өз ұлын (жалған тәңірге арнап) құрбан етіп өртеп жіберді. Осылайша ол Жаратқан Ие ежелде исраилдіктердің алдынан елден қуып шыққан азғын халықтардың жексұрын дәстүрлеріне еліктеді. Молох атты жалған тәңірге бұдан былай ешкімнің өз ұлын не қызын отқа өртеп құрбандыққа ұсына алмауы үшін Жосия патша Бен-Хенном аңғарындағы Топет атты табыну орнын да арамдады. Бірақ халқым қай ұлттардың жерлеріне бармасын, олар жайлы: «Бұл — Жаратқан Иенің халқы, әйтсе де, олар Оның жерінен кетуге мәжбүр болды!» делініп, Менің қасиетті есімім қорланды. Алайда сендер Менің есімімді қорлайсыңдар! Өйткені Жаратқан Иенің құрбандық үстеліне лайықсыз сый-тартулар әкелулерің арқылы сендер: «Оның үстелін арамдауға болады» дейсіңдер.
Выбор основного перевода