Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда сендер Маған бағышталған қасиетті боласыңдар.Далада таланған хайуанның етін жемей, итке тастаңдар! Оның төсегімен жанасып кеткен әркім киімдерін жуып, өзі де сумен жуынсын. Сол адам кешке дейін таза емес болып саналады. Діни қызметкер арам өлген не жыртқыш аңдарға таланып өлген ешқандай хайуанның етін жемесін! Себебі бұл оны арамдайды. Мен Жаратқан Иемін. Исраилдік болып туған адамды да, жат жұрттықты да бірдей заңмен соттауларың керек. Себебі Мен сендердің Құдайларың — Жаратқан Иемін. Арам өлген ешқандай жануарды жеулеріңе болмайды! Оны не елді мекендеріңде тұрып жатқан жат жұрттыққа жеуге беруге, не шетелдікке сатуға болады. Себебі сендер Құдайларың Жаратқан Иеге бағышталған қасиетті халықсыңдар.Лақты енесінің сүтіне пісірмеңдер!
Выбор основного перевода