Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олар Құдай белгілеп берген жерге келгенде, Ыбырайым құрбандық өртейтін орын жасап, оның үстіне отындық ағаштарды қаластырды. Мұнан соң Ысқақты байлап, осы ағаштардың үстіне жатқызды. Жаратқан Ие Мұсаға тағы да нұсқау беріп былай деді: — Діни қызметкер Һарон мен оның ұлдарына мына бұйрықты жеткіз: Шалынып түгелдей өртелетін құрбандық туралы нұсқаулар мынадай: Осы құрбандық өртеліп жатқанда құрбандық үстелінің үстінде түні бойы таң атқанша қалуы керек. Құрбандық үстеліндегі от өшіп қалмай, түні бойы жанып тұрсын. Таңертең діни қызметкер өзінің бәтестен жасалған сырт киімі мен шалбарын кисін. Ол өртелген құрбандықтың күлін құрбандық үстелінен алып, оның жанына қойсын. Содан соң діни қызметкер үстіндегі сол киімдерін шешіп, басқасын киіп, күлді ел қонысының сыртына бір таза жерге апарсын. Құрбандық үстеліндегі отты ұдайы жандыра беру керек, ол ешқашан сөнбесін. Әр күні таңертең діни қызметкер оған ағаш отын салып, оттың үстіне түгелдей өртелетін құрбандықты салып өртесін және онда қарым-қатынасқа ризашылық білдіретін құрбандығының майлы бөліктерін де өртейтін болсын. Сонымен құрбандық үстеліндегі отты ұдайы жандыра беру керек, ол ешқашан сөнбесін.
Выбор основного перевода