Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
жас бұқаны кездесу шатырының алдына алдырт. Һарон мен ұлдары бұқаның басына қолдарын қойсын. Оны кездесу шатырының кіреберісіне Жаратқан Иенің алдына әкеліп, басына қолын қойсын. Жас бұқаны Жаратқан Иенің алдында құрбандыққа шалсын. Ол күнәнің құнын өтейтін құрбандыққа шалынған жас бұқаға не істеген болса, осы жас бұқаға да дәл солай істесін. Осылайша діни қызметкер халықты күнәларының арамдығынан тазартып, олар Жаратқан Иенің кешіріміне ие болады. Содан соң Мұса күнәнің құнын өтейтін құрбандыққа бір жас бұқаны әкелдірді. Һарон мен оның ұлдары соның басына қолдарын қойды. Мұса Һаронға былай деді: «Құрбандық үстеліне жақындап кел де, күнәнің құнын өтейтін құрбандықты және шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықты ұсынып өзіңді және халықты күнәларыңның арамдығынан тазарт. Мұнан кейін халықтың құрбандықтарын да шалып, оларды күнәларының арамдығынан тазарт. Жаратқан Иенің бұйырғанындай істе». Осылайша діни қызметкер Исраил халқының бүкіл қауымын күнәларының арамдығынан тазартып, олар кешіріледі. Себебі сол күнә әдейі емес, абайламай жасалған еді, әрі исраилдіктер осы теріс істері үшін Жаратқан Иеге арнап өртелу арқылы жасалатын және күнәнің құнын өтейтін құрбандықтарын шалып, өртеп ұсынған болатын.
Выбор основного перевода