Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Әбумәлік сол сарбаздарын ертіп Офраға, марқұм әкесі Еруб-Бағалдың әулетіне аттанып барып, оның жетпіс ұлын — өзінің туған бауырларын тұтқындап, бір дәу тастың үстінде өлтіртіп тастады. Тек Еруб-Бағалдың кенже ұлы Жотам ғана тығылып аман қалды. Ендеше, егер сендер Әбумәлікті патша етіп тағайындаған кезде адалдық пен ізгі ниет көрсеткен болсаңдар, яғни Еруб-Бағал марқұм мен оның әулетіне жақсылық жасап оның істегеніне лайықты іс-әрекет жасаған болсаңдар, онда жақсы. Ал Еруб-Бағал кезінде сендер үшін өз басын қатерге тігіп, шайқасып, сендерді мадияндықтардан аман-есен құтқарып қалған болатын. Бірақ сендер бұл күндері әкемнің отбасына қарсы бас көтеріп, оның жетпіс ұлын бір дәу тастың үстінде қырып тастадыңдар, ал оның күңінен туған ұлы Әбумәлікті өздеріңе туысқан болғандықтан Сихемнің азаматтарының үстінен патша етіп қойдыңдар.
Выбор основного перевода