Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Сендерді Маған қарсы күнәға батырмас үшін олар елдеріңде бірге тұрмауға тиіс. Әйтпесе солардың тәңірлеріне құлшылық етіп, күнәнің торына түсесіңдер. Шеберлер жеңсіз сырт киімді алтын талшықтардан әрі қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке зығыр жіптерден кестелеп тоқып дайындасын. Сырт киімнің алдыңғы, артқы бөліктерінің жоғарғы жақтарын бір-бірімен байланыстырып тұратын екі иық жапсырмасы болсын. Сырт киімді байлап тұратын белбеу де дәл сол сияқты алтын талшықтармен әрі қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке зығыр жіптерден кестеленіп тоқылсын. Екі оникс тасын алып, олардың бетіне Исраилдің он екі ұлының аттарын туу реттеріне сай, алтауын бір тасқа, қалған алтауын келесісіне ойып жаздырт. Осылай тастан ойып мөр жасайтын зергер мәнерімен Исраилдің руларының аттарын екі оникс тасқа ойып жаздыртқаннан кейін, оларды әшекейлі алтын жиектемелерге қондырғызып, сырт киімнің иық жапсырмаларына бекіттір. Сол екі тас — Исраилдің үрім-бұтағының естелігі: Һарон өзінің діни қызметін атқарғанда, Жаратқан Иенің (оларды рақым етіп таңдап алғанын) есіне салып отыру үшін рулардың аттарын ұдайы екі иығында алып жүретін болсын. Әшекейлеп екі алтын шығыршық жасат. Саф алтын талшықтардан арқан сияқты екі бау ширата өргізіп, шығыршықтарға бекіттірт. Құдайдың еркін білуге көмекші құрал болатын кеуде қалта жасалсын. Ол да жеңсіз сырт киім сияқты алтын талшықтардан әрі қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке зығыр жіптерден кестеленіп тоқылсын. Қалта ені мен көлденеңі бір қарыстан төрт бұрышты екі қабат етіп дайындалсын. Оған асыл тастар төрт қатарға тізіле қадалсын: бірінші қатарға рубин, топаз, изумруд, екіншісіне лағыл, сапфир, алмас, үшіншісіне жақұт, жүзақ, аметист, ал төртінші қатарға зүбәржат, оникс, яспис тастарын алтын жиектемелерге безендіріп қондырғыз. Асыл тастардың саны он екі болсын, Исраилдің әрбір ұлы үшін бір тастан. Осылай әр тасқа Исраилдің бір руының аты мөр жасайтын зергер мәнерімен ойылып жазылсын. Кеуде қалта үшін саф алтын талшықтардан арқан тәрізді ширатып екі шынжыр бау өргізгеннен кейін екі алтын шығыршық жасатып, оларды қалтаның жоғарғы екі бұрышына бекіттір. Өрілген екі алтын шынжыр бау қалтаның жоғарғы екі бұрышындағы алтын шығыршықтардан өткізілсін. Екі баудың қалған ұштары екі жиектемеге бекітілсін, сонда олар иық жапсырмаларымен алдыңғы жақтан байланысады. Тағы екі алтын шығыршық жасатып, оларды қалтаның төменгі екі бұрышына оның сырт киімге қараған астыңғы жағынан бекіттір. Осындай басқа да екі алтын шығыршық жасат. Олар сырт киімнің алдыңғы жағында, оның артқы, алдыңғы бөліктерінің түйіскен жеріне таман қолтықтың астынан, белбеудің үстінен бекітілсін. Бұл шығыршықтар қою күлгін баулар арқылы қалтаның төменгі жағындағы шығыршықтармен байланыстырылсын. Сонда кеуде қалта өз орнынан қозғалмай, белбеудің үстіңгі жағында берік тұратын болады. Осылайша Һарон киелі орынға кірген сайын Исраил руларының аттарын жүрек тұсында Жаратқан Иенің алдында естелік ретінде алып жүрмек. Кеуде қалтаға «Нұр және Кемелділік» деген қасиетті жеребелерді салып қой. Һарон Жаратқан Иенің алдына барған сайын олар да Һаронның жүрек тұсында болмақ. Сонда Һарон Исраилдің үрім-бұтағына Жаратқан Иенің шешімдерін білдіретін сол құралдарды әрқашан жүрек тұсында Жаратқан Иенің алдында алып жүретін болады. Жеңсіз сырт киімнің ішінен киетін бір түсті қою күлгін сырт көйлек дайындат: оның жоғарғы жағында бас сыятындай ойығы болсын. Ал тарқатылып кетпеуі үшін ойықты айналдыра жаға іспетті қаптама тоқылсын. Көйлектің етегін айналдыра қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл түсті жүн жіптерден тоқылып жасалған анар жемістері және солардың араларында кішкене алтын қоңыраушалар кезекпен ілініп тұрсын. Көйлектің етегін айналдыра қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл түсті жүн жіптерден тоқылып жасалған анар жемістері және солардың араларында кішкене алтын қоңыраушалар кезекпен ілініп тұрсын. Һарон қызметін атқарғанда осы сырт көйлекті киіп жүруге тиіс. Ол Жаратқан Иенің алдына барып, киелі орынға кіріп-шыққан кезде өліп қалмауы үшін қоңыраушалардың сыңғыры естілуі қажет. Сонымен сендер сол елде тұратындармен келісім жасаудан сақтаныңдар! Әйтпесе олар Маған сенімсіздік танытып, өз тәңірсымақтарына арнап құрбандық шалып құлшылық еткенде сендерді де шақырады. Осылай сендер сол құрбандықтарынан жеп, өздерің де жалған тәңірлерге табынатын боласыңдар. Сонымен, Құдайларың Жаратқан Ие қолдарыңа тапсыратын (сол азғын) халықтардың барлығын құртуларың керек. Оларды аяп-мүсіркемеңдер, олар табынып келген жалған тәңірлеріне құлшылық етпеңдер! Әйтпесе, сол тәңірсымақтар өздеріңе тұзақ болады. Бірақ халық осы билерге де құлақ аспай, бөгде тәңірлерге азғындықпен бас иіп табынып кетті. Олар ата-бабалары жүрген тура жолдан лезде-ақ тайып, солар сияқты Жаратқан Иенің өсиеттеріне мойынсұнған жоқ. Енді Миханың Тәңірге арналған өз киелі үйі болды. Ол (діни қызметкер киетін) жеңсіз сырт киім және шағын тәңір мүсіндерін жасатып, ұлдарының біреуін өзінің діни қызметкері етіп тағайындады. Бұрын Лаиштың жерін барлап қайтқан бес жігіт руластарына: «Мына үйлердің біреуінде (діни қызметкер киетін) жеңсіз сырт киім, шағын тәңір мүсіндері, ағаштан ойылған және күмістен құйылған тәңір мүсіндері бар екенін білесіңдер ме? Енді не істеу қажет екенін ойластырып көріңдер», — деді. Елді барлап қайтқан бес адам ішке кіріп, ағаштан ойылған мүсінді, жеңсіз сырт киімді, шағын тәңір мүсіндерін және күмістен құйылған мүсінді алып шықты. Сол кезде діни қызметкер алты жүз жасақшымен бірге қақпаның кіреберісінде тұрды. Себебі Исраилдің халқы Еробоғамның елге қайтып келгенін естігенде, оған хабар жіберіп, жиналысқа шақырған еді. Сонда олар оны бүкіл Солтүстік Исраилдің патшасы етіп тағайындады. Тек (оңтүстіктегі) Яһуда руы ғана Дәуіттің әулетін қолдап, оған адал болып қала берді. Осындай істерімен халық өзін қорлады,Қасиетті Келісімге сатқындық жасады.
Выбор основного перевода