Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Сонда бұл патшалар барлық сарбаздарын әрі көптеген аттары мен соғыс күймелерін ертіп шайқасқа аттанды. Олардың жасақтары жиналғанда саны теңіз жағалауындағы құм қиыршықтарындай шексіз көп болды. Себебі исраилдіктер жерге егін еккен сайын, мадияндықтар амалектіктермен және шығыстың басқа да көшпелі тайпаларымен бірге оларға шапқыншылық жасай беретін. Сол тайпалар малдарымен, қостарымен елді шегірткедей қаптап кететін, себебі адамдары мен түйелері сансыз көп болатын. Олар елге басып кіріп, оның сау тамтығын да қалдырмайтын. Сол кезде Зебей мен Салман өздерінің жасағы — шамамен он бес мың адаммен Қарқорға аялдаған болатын. Шығыс халықтарының жасақтарынан жүз жиырма мың семсер асынғандар қаза тауып, одан қалып отырғаны осы он бес мың еді. Філістірлер де Исраилге қарсы соғыс жасағын жинады: олардың үш мың соғыс күймесі, соларға мінетін алты мың жауынгері және теңіз жағалауындағы құм қиыршықтарындай сансыз жаяу жасақшылары болды. Олар аттанып келіп, Бет-Әбеннің шығыс жағындағы Миқмасқа орнығып алды. Мысырдың халқы ну ормандай көп болса да, жау оларды шауып тастайды, — деп нық айтады Жаратқан Ие. — Өйткені жаудың жасақшылары тіпті шегірткелерден де көп, олардың санын есептеп шығуға болмайды.
Выбор основного перевода