Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Гедеон таяп келгенде, бір адам өзінің көрген түсін жолдасына айтып жатты:— Мен мынадай түс көрдім: бір таба арпа наны мадиянның тұрағына домалап құлап түсіпті. Ол бір қосқа соғылып, оны аударып түсіріп, жермен-жексен қылған екен. — Жолдасы:— Бұл түс сол исраилдік Жоғас ұлы Гедеонның семсері туралы ғана болуы мүмкін! Құдай Мадиянды және оның бүкіл тұрағын соның қолына тапсырған болса керек! — деп жауап қайтарды. Гедеон осы түсті әрі оның жоруын естіген соң, Жаратқан Иеге басын иіп ғибадат етті. Исраилдің тұрағына қайта оралғаннан кейін ол: «Тұрыңдар! Жаратқан Ие Мадиян жасағының тұрағын сендердің қолдарыңа тапсырды!» — деп әмір берді. Егер олар: «Біз төмен түсіп келгенше күте тұрыңдар» десе, онда тұрған жерімізде қала берейік. Ал егер: «Бізге қарай жоғары көтеріліңдер» десе, солай істейміз. Бұл Жаратқан Иенің оларды қолымызға табыстағанының белгісі болмақ.
Выбор основного перевода