Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Лут кіреберіске, олардың алдарына шығып, есікті жауып: — Оу, ағайындар, мұндай зұлымдық жасамаңдар! — деп өтінді. — Тыңдаңдаршы, ермен жақындаспаған бойжеткен екі қызым бар. Сендерге соларды үйден шығарып берейінші, оларға білгендеріңді істей беріңдер. Бірақ бұл адамдарға тиіспеңдер, олар менің шаңырағымның астына түскен меймандарым ғой! — Бірде ол барлық мал-мүлкін басқаратын бас қызметшісін шақырып алып, оған:— Сен қолыңды менің жамбасымның астына қойып тұрып, Сол екі арада даладан Жақыптың ұлдары да оралды. Не болғанын естігенде жігіттер қатты ренжіп, бойларын ашу кернеді. Себебі Сихем қызды зорлауымен Исраилдің бүкіл әулетін масқаралап, болмауға тиіс қылмыс жасаған еді. Ал егер кейінірек ұнатпай қалсаң, оны қалаған жағына қоя беруің керек. Оны сатуға немесе өзіңе күң етіп алуыңа болмайды, себебі оның абыройын төктің. онда оны әкесінің үйіне, оның есігінің алдына алып келсін. Сол қаланың ер адамдары оны таспен атқылап өлтірсін. Себебі ол әкесінің үйінде жүріп-ақ жеңіл жүріске салынып, Исраил елінде масқара іс жасады. Зұлымдықты араларыңнан осылайша аластатыңдар! Тәңір Иеге бағышталған заттарды алды деп көрсетілген адам өзіндегі барымен бірге өртпен құртылсын! Себебі ол Жаратқан Иенің Келісімін бұзып, Исраил елінде масқара қылмыс жасады. Ол оған жалынып:— Жо-жоқ, ағатай! Маған күш көрсетпеңізші! Бұл Исраилде ешқашан істелмейтін іс! Мұндай жетесіздікті істей көрмеңіз!
Выбор основного перевода