Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Олардың бастары жастыққа тимей тұрып-ақ, жасы бар, кәрісі бар, қаланың түкпір-түкпірінен жиналып келген ер адамдарының бәрі үйдің сыртын айнала қоршап алды. Лутты айқайлап шақырып:— Саған кешқұрым келген еркектер қайда? Бізге алып шық, олармен жақындасып көңіл көтерейік, — деді. «Сол қаланың халқын азғырып, бөтен тәңірлерге табынуға еліктіріп жүрген бір сұмырай адамдар арамызда пайда болыпты!» деген сөз естілсе, Бірақ Гибеяның азаматтары маған қарсы шығып, өлтірмек болып, біз жатқан үйді түнде қоршап алды. Олар кәнизагымды зорлап, ақыры өлтіріп тынды. Енді Гибеядағы сол сұмырайларды өлтіру үшін бізге ұстап беріңдер! Солай Исраилді бұл сұмдықтан тазартайық», — деген хабарды жіберді.Бірақ Бунямин руының адамдары ағайынды исраилдіктердің айтқандарына құлақ асқан жоқ. Сол жерде Бихридің ұрпағы Шеба есімді қара ниетті бір буняминдік адам болды. Шеба бүкіл Солтүстік Исраилде керней тартып былай деп жариялады:«Дәуітке біздің еш қатысымыз жоқ,Есейдің ұлында еш үлесіміз жоқ!Мекендеріңе қайтыңдар, исраилдіктер!» Оған қарама-қарсы екі арсыз адамды отырғызып, олар Набутайды: «Сен Құдай мен патшаға қарсы қарғыс айттың!» деп айыптасын. Содан оны қаладан шығарып, таспен атқылап өлтіріңдер!» Сол себептен де Құдай адамдарды өздерін қорлайтын құмарлықтарға батырып жіберді. Араларындағы кейбір әйелдер табиғи жыныстық қатынасты табиғи емес қатынаспен ауыстырды. Дәл солай кейбір еркектер де әйелдерімен табиғи қатынасты қойып, бір-біріне құмарлықпен ынтығып, азғындық істейтін болды. Олар тура жолдан тайып кеткендіктерінің тиісті жазаларын өз бойларында тартып жатты.
Выбор основного перевода