Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
— Исраилдіктерге мынаны айт: Егер бір ер адам не әйел өзін Жаратқан Иеге ерекше бағыштап бөлектейтін назир антын берсе, сол адам шараптан және ашыған басқа сусыннан бас тартсын, әрі шарап не өзге ашыған сусыннан жасалған сірке суын да ішпеуі керек. Оған не жүзім шырынын, не жаңа піскен жүзімді, не мейізді ішіп-жеуіне болмайды. Құдайға бағышталып назир болып жүрген кезінде оған жүзім бұтасынан шығатын еш нәрсені, тіпті жүзімнің қабығы мен дәнегін де жеуге болмайды. Адамның Құдайға бағышталып назир антын ұстанған кезінде оның басына ұстара тимеуі тиіс. Жаратқан Иеге өзін ерекше бағыштаған киелі мерзімі біткенше ол шашын өсіре берсін. жүзімнен дайындалған ештеңені жемесін, шарап пен басқа да ашыған сусын атаулыны ішпесін, ешқандай арам нәрсені жеуіне де болмайды. Мен оған бұйырғанның барлығын орындасын! — деді. Ол Далидаға жүрегіндегі бар құпиясын айтып беріп:— Менің басыма ешқашан ұстара тимеген. Анамның құрсағынан-ақ Құдайға ерекше бағышталған жанмын. Егер шашым алынып тасталса, онда бойымдағы зор күштен айырылып, әлсізденіп, жай адам сияқты болып қаламын, — деді. «Уа, Әлемнің Иесі! Осы күңіңнің қайғы-қасіретіне назар аударып, есіңде ұстай гөр. Маған рақымыңды түсіріп, бір ұл сыйласаң, соны өмір бойы Саған бағыштар едім, уа, Жаратқан Ие. Оның басына ешқашан ұстараның жүзі тимес еді», — деп ант берді ол. Ол Жаратқан Иенің алдында мәртебелі болып, шарап, сыра атаулыдан аулақ жүретін болады. Ана құрсағында жатқанда-ақ ол Киелі Рухқа кенеледі.
Выбор основного перевода