Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Иемдену қажет аймақтар мыналар: біріншіден, філістірлер мен гешурліктердің жерлері: Мысырдың шығыс жағындағы Шихор өзенінен Әкронның солтүстігіндегі шекарасына дейін созылған аймақ, ол қанахандықтардың жері болып саналады. Філістірлердің бес әміршісі билік жүргізген Газа, Азот, Ашкелон, Ғат, Әкрон атты қалалары әрі оңтүстіктегі ауилықтардың жері де осы аймаққа кіреді. Олар Жаратқан Иеге жек көрінішті іс-әрекет жасап, Бағал атты жалған тәңірлердің мүсіндеріне табына бастады. Сол себепті Оның қаһары халыққа қарсы лаулап, оларды філістірлер мен аммондықтардың қолдарына түсірді. Бірақ ата-бабаларың өздерінің Құдайы — Жаратқан Иені менсінбей, ұмытып кетті. Сол себепті Ол халқынан бас тартып, оларды өздеріне қарсы соғыс ашқан Хасор қаласының қолбасшысы Сісераның әрі філістірлердің және Моаб патшасының қолдарына берді.
Выбор основного перевода