Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Бұдан кейін Һарон Жаратқан Иенің алдындағы түтету үстелінен қызып тұрған көмір шоғына толы табаны және майда етіп тартылған екі уыс хош иісті затты алып, солармен ішкі шымылдықтың арғы жағына өтіп барсын. Һарон сол жерде, Жаратқан Иенің алдында хош иісті затты табаға салсын. Соның бұлт тәрізді хош иісті түтіні Келісім сандығының үстіндегі қақпақты тұмшалап көзден тасалайды. Осылайша Һарон өлмей тірі қалады. Һарон жас бұқаның қанының біразын саусағымен осы қақпақтың шығыс жағына бүріксін. Мұнан кейін ол саусағымен жеті рет қақпақтың алдына да біраз қанды бүркіп шашсын. Содан соң Һарон халықтың күнәларының құнын өтейтін құрбандыққа арналған текені де шалсын. Оның қанын ішкі шымылдықтың арғы жағына алып барып, құрбандыққа шалған жас бұқаның қанымен не істеген болса, текенің қанымен де соны істесін: оны сол қақпақтың үстіне және оның алдына бүркіп шашсын. Сондықтан, бауырластар, мынаны біліп алыңдар: біз сендерге Құдай күнәларыңды осы Адамның құрбандығы арқылы кешіретінін хабарлаймыз. Құдай адамзатты Мәсіхтің арқасында Өзімен татуластырды, енді олардың күнәларын мойындарына артпай, татуласу туралы Ізгі хабарды жариялауды бізге тапсырды.
Выбор основного перевода