Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
«Сонымен қалай болды? Басқалардың алдында (яһуди халқынан шыққан) біздердің артықшылығымыз бар ма?» Жоқ, ешқандай! Яһудилер де, басқа ұлттың адамдары да бірі қалмай күнәнің билігінде екенін жоғарыда дәлелдедік. Ал Таурат заңының күллі ережелері оған бағынышты адамдар үшін күшінде екенін білеміз. Сондықтан (басқа ұлттардың да, яһуди халқының да) барлық адамдары ешбір сылтау таппай, үндері өшеді. Осылай бүкіл адамзат та Құдай алдында күнәлі болып, сотталатын болады. Алайда Киелі жазбалар бүкіл адамзаттың күнәнің тұтқынында екенін мәлімдейді. Ондағы мақсат — Иса Мәсіхке сену арқылы табыс етілетін уәделі сыйдың (яғни күнәдан ақталудың) тек сенетіндерге ғана берілуі.
Выбор основного перевода