Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
К Колоссянам
1 2 3 4
Параллельные места
Оның жауабы мынадай болды:— Құдай өз Патшалығы туралы сырларды білуді оларға емес, сендерге ғана бұйырған. Киелі жазбалардың тағы бір жерінде мынадай сөздер бар: «Шаттаныңдар енді, уа, басқа ұлттар, Жаратқан Иенің халқымен қатар!» Өйткені осында өнімді еңбек етуіме есік айқара ашық, ал қарсыластарым да аз емес. Сөйлеген сайын Ізгі хабардың құпиясын қаймықпай жариялауыма қажетті сөз аузыма түссін деп, мен үшін де мінажат етіңдер! Бұл хабарды жеткізуге жіберілген елші ретінде осы жерде бұғаудамын. Сондықтан оны тиісті түрде батыл жариялай алуымды Құдайдан тілеңдер. Бұл хабар ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жасырын болып келді; ал енді оның сыры Құдайдың адамдарына ашылды. Құдай оларға осы құпия хабарда басқа ұлттар үшін қаншама мол жарылқау бар екенін білдірмек болып шешті: Мәсіх жүректеріңнен орын алды, сол себептен болашақ ұлылықтан үміттісіңдер. Себебі жұрт сендердің бізді қандай жылылықпен қабылдағандарың және жалған тәңірлерден бас тартып, Құдайға бет бұрғандарың туралы бір-біріне айнала әңгімелеп жатыр. Енді сендер тірі де шынайы Құдайға қызмет ете жүріп, Ал енді, бауырластар, біз үшін мінажат етіңдер: Иеміздің Ізгі хабары тура сендердегідей көп тарап, құрметке бөлене берсін.
К Колоссянам
1 2 3 4
Выбор основного перевода